«Westoil Software»: 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтті

5 Наурыз, 16:44 584

«Westoil Software» ЖШС жұмысқа орналасу кезегіне тұрған жұмыссыз азаматтар арасында әңгімелесу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтіп, сот шешімімен жұмыстан шығарылған заңсыз ереуілге қатысушылардың орнын басып, жұмысқа кірісіп жатыр.

Алдағы уақытта заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген бұрынғы жұмысшылардың барлығы біртіндеп ауыстырылатын болады. Заңсыз ереуілге қатысушылардың жұмысқа қабылдау ісі аяқталмай тұрып, келісім комиссиясы арқылы жұмыс орындарына қайта оралуларына мүмкіндіктері бар, - делінген мәліметте.

Компания заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырды. Кәсіпорын өз тарапынан еңбек жағдайын жақсартуды, құрал-жабдықтарды жаңартуды және жылы автомобиль бокстарын салуды өз міндетіне алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: