21.02.2026
10:12
1452
WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына бір жылға дисквалификация жариялады

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына бір жылға дисквалификация жариялады

World Boxing Organization (WBO) Жәнібек Әлімханұлына қатаң шара қолданды. Ұйым жұма күні WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына 15 қарашада тыйым салынған зат бойынша допинг-сынақтан өте алмады деген айыпқа байланысты бір жылдық дисквалификация жарияланғанын мәлімдеді.

Ring-тің жазуынша, дисквалификация 2 желтоқсаннан бастап кері күшпен есептеледі. Бұл Әлімханұлыға тоғыз айдан астам уақыт өткен соң қайта шаршы алаңға оралуға мүмкіндік бермек. 

WBO Әлемдік чемпионат комитеті кеше бірауыздан орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлын бокс және/немесе көрмелік жекпе-жектерге қатысудан бір (1) жыл мерзімге шеттету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Шешім 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап кері күшпен күшіне енеді. Шешімнің толық негіздемесі, шарттары мен талаптары көрсетілген ресми құжат бүгінірек жарияланады, – деп жазды WBO президенті Gustavo Olivieri өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Әлімханұлы (17-0, 12 КО) 6 желтоқсанда дивизиондағы WBA чемпионы, кубалық боксшы Erislandy Laraмен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда 32 жастағы қазақстандық боксшы тыйым салынған мельдоний препаратына оң нәтиже көрсетті деген күдікпен жекпе-жек картасынан алынып тасталды.

Мельдоний 2016 жылдан бері World Anti-Doping Agency (WADA) тарапынан тыйым салынған заттар тізіміне енгізілген. 2015 жылғы зерттеуде бұл препарат «спортшылардың төзімділігін арттыратыны, жаттығудан кейінгі қалпына келуді жақсартатыны, күйзелістен қорғайтыны және орталық жүйке жүйесінің қызметін белсендіретіні» айтылған.

Әлімханұлы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сонымен қатар, Оливьери дивизионның тоқырап қалуына жол бермейтінін мәлімдеді. Әлімханұлы дисквалификация мерзімін өтеп жатқанда, аралық (interim) чемпион анықталады.

Орта салмақ дәрежесінің тұтастығы мен белсенділігін сақтау, сондай-ақ рейтингтегі үміткерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Комитет WBO рейтингіндегі №1 үміткер Denzel Bentley мен №2 үміткер Endry Saavedra арасында аралық орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат береді, - деп жазылған мәлімдемеде.

Оливьеридің сөзінше, егер Әлімханұлы дисквалификация мерзімі аяқталған соң барлық талаптарды орындаса, ол WBO чемпиондық белбеуін сақтап қала алады.

Дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін Әлімханұлы ресми түрде танылған аралық чемпионмен бірден жекпе-жек өткізуге міндеттеледі. Аралық кезеңде басқа жекпе-жектерге рұқсат берілмейді. Осы талаптар орындалмаған жағдайда Комитет WBO ережелеріне сәйкес тиісті шаралар қабылдайды, - деді Оливьери.

Жәнібек Әлімханұлы сәуір айында 33 жасқа толады. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әуесқой бокста әлем және чемпионы атанған тәжірибелі спортшы (2013). Әлімханұлы 2014 жылы Азия ойындарында да топ жарды. Халықаралық деңгейде танылғаннан кейін ол кәсіпқой мансабын 2016 жылы бастап, орта салмақта жеңіліссіз сериясымен көзге түсті. Шаршы алаңдағы техникалық шеберлігі, солақай стилі және жоғары нокауттық көрсеткіші оны дивизиондағы ең қауіпті боксшылардың біріне айналған. . Отандасымыз WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, қазақстандық кәсіпқой бокстың жаңа буынын халықаралық аренада танытып жүр.