WBA: Кособуцкий рейтингте үздік ондыққа жақындады

2 Мамыр 2023, 05:29 805

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінде рейтингті жаңартты. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орнын ұсынамыз:

Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий 12-орынмен рейтингке енді. 1 шілдеде Кособуцкий АҚШ-та жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Джаред Андерсонмен жұдырықтасады, ол рейтингте 11-орыннан сегізінші орынға көтерілді.

Бұл салмақтағы тағы қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орынды сақтап қалды. Бұл салмақта көш басында WBA титулының иегері Александр Усик тұр.

Бірінші ауыр салмақта Серік Мұсәділов 15-орнын сақтап қалды. Бұл салмақта чемпион – франциялық Арсен Гуламирян.

Суперорта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет сегізінші орында қалды. Бұл салмақтағы суперчемпион – мексикалық Сауль Альварес.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек үш саты төмендеп, 13-орынға жайғасты. Бұл салмақта суперчемпион жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орында тұр. Бұл салмақта үздік атағы филиппиндік Марлон Тапалеске тиесілі.

Перизат Саденова
Бөлісу: