14 мамыр күні Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл қызметті 2022 жылғы 4 сәуірден бастап атқарып келді.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Вячеслав Юрьевич Дудник Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген қаулыда.
Вячеслав Дудник 1963 жылы Қостанай облысында туған.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Ресей халық шаруашылығы академиясын және Швейцарияның Еуропалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының бірінші хирургия бөлімінде мейіргер болып бастады.
1987-1997 жылдары Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінде онколог-дәрігер, онколог-хирург болып жұмыс істеді.
1997-2005 жылдары Қостанай қаласының медицина ұйымдарында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер болып қызмет етті.
2005-2006 жылдары – Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті директорының м. а., директоры.
2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы.
2009-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының құрылымында жұмыс істеді.
2018-2021 жылдары – Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а., басшысы.
Қазақстанның премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз.