Волонтерлікті дамыту мен қолдау: 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды

12 Қаңтар, 20:33 1108

Елімізде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, өткен жылы волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты.

Оқи отырыңыз: 

Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офис жұмыс істейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген. 150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Сондай-ақ азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған "Волонтерлік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған деп мәлімдеді министрліктен.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: