Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шешуші ойынға дейін қазақстандық команда В тобының турнирлік кестесінде бесінші орында тұрған болатын. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт құрама ғана өтетін.
Осыған байланысты біздің волейболшылар Оңтүстік Корея командасын міндетті түрде жеңуі тиіс еді. Қазақстандықтар бұл міндетті сәтті орындап, қарсыластарын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы волейболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін болды.