Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеудегі Кремльде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді ұлықтау рәсімі өтті.
Путин Ресей Конституциясына қол қойып, ант берді. Осылайша ол ресми түрде лауазымды қызметіне кірісті.
Осы сәттен бастап оның жаңа алты жылдық мерзімі басталды, яғни Путин 2030 жылға дейін Ресей президенті болады.
Кремль Путиннің жуық арада премьер-министрді тағайындайтынын алға тартты.