14.03.2023
16:03
1597
Владимир Путин ресми сапармен Қазақстанға келеді

Владимир Путин ресми сапармен Қазақстанға келеді

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинмен әңгімелесу барысында Президент Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының, сондай-ақ биыл күзде Қостанайда өтетін XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды.