Владимир Путин Қырғызстанға барды

12 Қазан 2023, 09:34 1352

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан астанасы Бішкекке барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – ресейлік көшбасшының жыл басынан бері шетелге алғашқы сапары. Іссапар барысында ол ТМД елдерінің басшыларымен кездеседі.

12 қазан күні Владимир Путин мінген ұшақ Бішкек әуежайына қонды. Путинді Министрлер кабинетінің басшысы Акылбек Жапаров күтіп алды.

Ресми іссапар барысында Ресей президенті Садыр Жапаровпен келіссөздер жүргізіп, одан қалды ТМД саммитіне қатысады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: