Дмитрий Спасский мен Глеб Клепинин VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дмитрий Спасский 400 метрге жүгіруде мәреге екінші болып жетті. Ол бұл қашықтықты 51.96 секундта жүгіріп өтті.
Ал Глеб Клепинин болса, 3 қарғып секіру сайысында күміске ие болды. Отандасымыз 13.84 метрге қарғыды.
Айта кетейік, дәл осы додада тағы бір қазақстандық Андрей Ким 4-орыннан көрінді.