Вьетнамда «Яги» тайфунынан келген шығын көлемі 3,3 млрд доллардан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
VnExpress басылымының мәліметінше, елдің ауыл шаруашылығы министрі
Ле Минь Хоанвыше шығын көлемі бұған дейін болған апаттан екі есе көптігін айтты.
Бір ғана ауыл шаруашылығы саласындағы шығын 30 800 млрд донгтан асты. Бұл жалпы экономикалық шығынның 38%-ын құрайды, - деді ол.
Елдің солтүстігінде болған тайфуннан соң 281 900 үй қирап, 112 000 ғимаратту су басқан. Сондай-ақ 284 400 гектар күріш алқабы мен 61 100 гектар егістік алқабы су астында қалған.
Қазіргі таңда 6 млн-нан астам тұтынушы электр жарығынсыз отыр.