21.08.2023
11:26
1697
Вьетнам президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Вьетнам президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.