Ватиканмен ратификация жасаудың не қажеті бар. Депутат Рожин министрді қыспаққа алды

10 Мамыр 2023, 10:40 884

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Максим Рожин Ватиканмен ратификация жасау туралы заң жобасын алып келген ішкі істер министрін қыспаққа алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Қазақстан мен қасиетті тақ арасындағы қосымша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынған.

Депутат Максим Рожиннің айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның аумағына Ватиканның үш азаматы келіп кеткен көрінеді. 

Былтыр 63, 2021 жылы Ватиканның төрт азаматы келген екен. Соңғы 10 жылда сол елдің азаматтары еліміздің аумағында тұрақты тұруға және Қазақстанның азаматтығын алу бойынша өтініш білдірмеген. Биыл елімізде болу қағидаларын бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Осы қосымша келісім қаншалықты бізге қажет және оны ратификациялаудың керегі қандай? – деп сұрады депутат.

Бұл ретте ішкі істер министрі Марат Ахметжанов конфессияаралық келісім қарым-қатынасты нығайтуға бағытталғанын және Ватиканның ерекше статусы барын тілге тиек етті.

Ватикан нақты құқықтық субъекті ретінде танылған мемлекет ретінде есептеледі. Сол себепті бұл жерде Ватиканның азаматтары емес, діннің қызметкерлері ретінде қаралады. Сіз айтқан 63 адам кеше Рим Папасының іссапары кезінде визалық реттеумен кірген. Олар әр елдің, яғни басқа мемлекеттің азаматтары, – деді Ахметжанов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: