Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына қосылды, деп хабарлайды El.kz.
Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады.
Василий Левит - 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.