Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 480 теңге болды

17 Тамыз 2022, 14:49 894

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 58 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 480 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 480,5 теңге аралығында құбылып тұр.

16 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге көтеріліп, 476, 59 теңге болған.

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 58 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: