Жүрек-қан тамырлары ауруларының алғашқы белгілері қандай? Инфаркт пен инсульттің алдын алуға бола ма? Қандай талдауларды тұрақты тапсыру қажет?
Бұл шығарылымда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының кардиолог дәрігері Жанар Шәкіровамен жүрек саулығы туралы ғылыми дәлелдерге негізделген әңгіме өрбіттік.
Сұхбатта жүрекке қатысты кең таралған мифтер, қауіп факторлары және күнделікті өмірде әр адамның назар аударуы тиіс әдеттер талқыланады.