20.01.2024
16:40
1446
Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды

Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды. Бұған өнер иесінің жақын адамдарының бірі дүниеден озуы себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика сарайының Instagram-дағы ресми парақшасы жариялаған хабарламаға сүйенсек, Валерий Меладзенің 20, 23, 25 қаңтарға жоспарланған концерті отбасылық қайғылы жағдайына байланысты 2, 4, 6 ақпанға ауыстырылды. Яғни, 20 қаңтардағы концертке сатып алған билет 2 ақпанда өтетін кешке, 23 қаңтардағы билет 4 ақпанға, 25 қаңтарда өтетін концерт билеті 6 ақпанға жарамды.

Қосымша сұрақтар болса, билетті сатып алған жерге хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз: