Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасын иеленуге бір қадам қалды

Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасын иеленуге бір қадам қалды

Таиланда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық Валентина Хальзова ширек финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

75 келіде сынға түскен отандасымыз енді бір жекпе-жектен жеңіске жеткен жағдайда Париж Олимпиадасыынң жолдамасын иеленбек. Ол 1/8 финалда Моңғолия Эрденетуя Энхбаатарды 5:0 есебімен ұтты. 

Кеше 50 келіде Назым Қызайбай қарласынан басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алды. Бұдан бөлек, ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалда Куба боксшысынан ұтылды. Енді жолдама үшін тағы да кездесу өткізеді.