01.06.2024
22:28
1070
Вагон цистернасынан күкірт қышқылы ағып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Вагон цистернасынан күкірт қышқылы ағып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар шұғыл түрде жергілікті үйлерден 46 ауыл тұрғынын эвакуациялады. Вагон цистернасының салқындату жұмысы тексерілді.    

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.