06.03.2025
10:44
856
Ұзынағашта 30 үйдің ауласы су астында қалды

Ұзынағашта 30 үйдің ауласы су астында қалды

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында сағат 08:25 шамасында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің іргелес аумағы су астында қалды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев, ТКШ бөлімінің басшысы Қайсар Абсейтов, ТЖ қызметкерлері мен Ұзынағаш ауылдық округінің өкілдері барған. Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Мұсабаев пен облыстық ТЖД бастығы осы жерге барған, - делінген Алматы облысы әкімдігінің мәліметінде.