Түнде төсек үстінде қой санап, көз іле алмай жататын адам аз емес. Біреулер үшін бұл – кездейсоқ жағдай, ал енді біреулер үшін ұйқысыздық – өмірді азапқа айналдыратын созылмалы мәселе. Адам неге ұйықтай алмайды? Неліктен кейде дәрі де көмектеспейді? Осы және басқа да сұрақтарға мамандар жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Александр Пальман – сомнолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің клиникалық ауруханасының сомнология бөлімінің меңгерушісі;
Александр Семченков – психиатр және психотерапевт.
Ұйқының жетіспеуі – елеусіз нәрсе емес
Сомнолог Александр Пальманның айтуынша, ұйқысыздықты жай ұсақ-түйек мәселе деп қарауға болмайды.
Егер ұйқысыздық ұзақ уақытқа созылып, түнгі ұйқының уақыты айтарлықтай қысқарса, инсульт, инфаркт, диабет, депрессия және басқа да аурулардың қаупі артады, – дейді ол.
Ұйқысыздық тек шаршау емес. Ол – метаболикалық, жүрек-қан тамырлары, когнитивтік (ойлау, есте сақтау) жүйелердің бұзылуына да әсер етеді.
Жастарда жиі депрессия мен мазасыздық пайда болса, егде жастағыларда – қан қысымының көтерілуі мен диабет, ал қарттарда – есте сақтау мен ойлау қабілетінің әлсіреуі жиі байқалады.
Егер ұйқы бес сағаттан аз болып, бұл жағдай айлап, тіпті жылдап жалғасса, бұл дәрігерге қаралуға нақты себеп, – дейді маман.
Ұйқысыздық не себепті пайда болады
Дәрігерлер ұйқысыздықты екі түрге бөледі:
Сондай-ақ ұйқысыздықтың екі түрі бар:
Екінші деңгейдегі ұйқысыздық басқа аурулардың салдары: депрессия, мазасыздық, созылмалы ауырсыну, қалқанша безінің бұзылуы және т.б.
Бірінші деңгейдегі ұйқысыздық – денсаулыққа тікелей қатысы жоқ, бірақ адамның өзі «ұйықтаудан қорқып», ұйықтауды ұмытып кететін жағдай.
Ми неге ұйықтауға кедергі келтіреді
Адамның ұйықтауы – бұл күрделі рефлекс. Біз төсекке жатып, демалып, ұйықтап кетеміз. Бірақ егер төсек «тыныштық орны емес, қорқыныш символына» айналса, ми оны ұйқысыздықпен байланыстыра бастайды.
Адам ұйықтай алмайды, өйткені ұйықтай алмай қалудан қорқады. Бұл қорқыныш миға демалуға мүмкіндік бермейді. Ақырында бұл шеңберге айналып, адам әр түн сайын азап шегеді, – дейді Пальман.
Сапалы ұйқыға арналған кеңестер
Александр Пальман жақсы ұйықтау үшін бірнеше қарапайым, бірақ тиімді ережені ұсынды:
Телефон мен планшетті төсекте қолдануға болмайды.
Экран жарығы мен ақпарат ағыны миды белсенді ұстап, ұйқыны қашырады. Ұйықтар алдында гаджеттерді сөндіріп, тыныш демалысқа дайындалу керек.
Ұйықтауға тырыспаңыз.
Ұйықтау күшпен келетін нәрсе емес. Шынайы ұйқы сезімі келгенде ғана төсекке жатыңыз.
Төсек тек ұйықтау үшін.
Егер 15-20 минут ішінде ұйықтай алмасаңыз, тұрып, басқа бөлмеге барып, кітап оқыңыз немесе жеңіл фильм көріңіз.
Түнгі ұйқыңыз нашар болса, таңертең ұзағырақ ұйықтамаңыз және күндіз ұйықтамаңыз.
Бұл жағдайды одан әрі нашарлатады. Келесі түнде табиғи шаршау ұйқыға көмектеседі.
Бір-екі жаман түн – апат емес.
Мұндайда мазасыздыққа берілмей, табиғи ұйқы ырғағын сақтау маңызды.
Ұйықтататын дәрілер туралы
Психиатр Александр Семченковтың айтуынша, ұйықтататын дәрілер екіге бөлінеді:
Қысқа мерзімді ұйқысыздықта (мысалы, үш күннен астам ұйықтай алмағанда) жеңіл дәрілерді қолдануға болады. Бірақ ұзақ мерзімге қолдану қауіпті.
Егер ұйқысыздық үш айдан артыққа созылса, мәселе басқа: депрессия, мазасыздық немесе жүйке жүйесінің бұзылуы болуы мүмкін.
Мұндайда тек дәрі емес, психотерапия мен мінез-құлықтық ем тиімді.
Алкоголь – ұйқының жауы
Алкоголь ұйықтататын құрал емес. Иә, ол ұйқышылдық тудырады, бірақ ұйқының құрылымын бұзады. Адам түні бойы «ұйықтағандай» көрінсе де, таңертең шаршап тұрады, – дейді психиатр Семченков.
Уақыт өте келе мұндай әдет алкогольге тәуелділікке алып келеді, ал адам «ішпесем, ұйықтай алмаймын» деп сеніп қалады.
Қорытынды:
Ұйқысыздықпен күресудің басты жолы – денеге емес, санаға тыныштық беру. Егер ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмай жүрсеңіз, дәріге жүгірмей, маманға қаралыңыз.
Себепті жойсаңыз – ұйқы да қалпына келеді.