Үйі мен көлігі жоқ азаматтардың баласын ешкім де алып қоймайды!

18 Мамыр 2023, 14:50 892

Елді дүрліктірген ақпаратқа байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері осындай жауап берді. WhatsApp арқылы «Ашық НҚА» порталындағы бұйрыққа қарсы дауыс беруге үндейтін хабарлама таратылған болатын.

Тарап жатқан хабарламаға сенсек, бұл бұйрықта үйі мен көлігі жоқ ата-аналардың балаларын тартып алып, шетелге жіберуге мүмкіндік беретін норма жазылған көрінеді.

Ведомоство өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Мәселенің бәрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының жобасына байланысты болып отыр.

Бұл құжат қоғамдық талқылауға шығарылған. Бұл әдіснама Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымының даму жөніндегі бағдарламасымен бірлесіп дайындалған және мұқтаж жандарға тиімді әрі проактивті режимде көмек көрсетуге қажет.

Демек, осы әдістемені енгізгеннен кейін азаматтар тиісті ведомостволарға арызданбай-ақ әлеуметтік көмек ала алады деген сөз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының әл-ауқаты ақпараттық жүйедегі деректерге сүйене отырып автоматты түрде анықталатынын мәлімдеп отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

EL.KZ
Бөлісу: