Jeltoksan лақапатымен танымал әнші әрі әртіс Бексұлтан Бақытжан үйді тасқын судан қалай қорғау керектігін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан секілді 9 өңірінде 29 жергілікті көлемдегі төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар Ақтөбе, Орал, Қостанай, Арқалық, Көкшетау, Теміртау және Петропавл қалаларында төтенше режимі сақталған.
Осы орайда Бексұлтан Бақытжан тұрғын үйді су тасқынынан қорғаудың жолын бөлісті. Ол жариялаған видео АҚШ-та түсіріліп, төтенше жағдайлар бойынша инженерлер мен мамандардың үйді қорғаудағы әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Ең алдымен есікті пластик қаптамамен немесе брезентпен жабу керек. Төменнен бастап жоғары қарай есікті скотчпен жабыстырыңыз. Су ішке кірмес үшін есіктің айналасына құм салынған қапшықтар қою керек. Ол үшін құм салынған қапшықтардың бәрін кірпіш қалағандай етіп төсеу керек. Есіктің бір шетінен бастаңыз. Құм салынған қаптардан бір қатар төсеңіз, сонан соң биіктігін арттыру үшін құм салынған қаптарды екінші қатармен есікті айналдырып жауып шығыңыз. Ең дұрысы, есіктегі тығыздағыштың биіктігі екі қап құм болуы керек. Сонымен қатар үйге кіріп-шығу үшін бір нүктені ашық қалдыру керек. Құм салынған қаптардан сақина жасауды ұмытпаңыз. Қаптарды екі-екіден негізге қойып, екі қап құм жасаңыз. Қосымша биіктік жасау үшін осы сақинаның ортасына біреуін салыңыз. Есікке брезент қою туралы уайымдамаңыз. Өйткені оны ашып-жаба білу қажет, - дейді американдық маман.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бастысы, қапты толтырудың қажеті жоқ, қапшықтар бір-бірімен тығыз жанасып, пішін алып отыруы үшін жартылай немесе үштен бір бөлігі ғана толтырылады.