Заманауи үйде техника мен қарапайым тұрмыстық құралдар бұрынғыдан да маңызды рөл атқарады. Себебі олар нақты мәселені шешуі тиіс: үй жиі әрі оңай тазаланып, демалыс жайлы болуы керек және жұмыс ыңғайлы өтіп, ұсақ-түйек шаруа көп күш пен уақыт алмауы қажет.
Төменде біз осы талаптарға жауап беретін бес затты жинадық және олардың не үшін қажет екенін, қала өміріне қалай үйлесетінін қысқаша түсіндірдік.
Tuvio TR05MLCB робот-шаңсорғышы құрғақ және ылғалды тазалауды орындайды, ал LiDAR-навигациясының арқасында кеңістікті тез барлап, бөлменің картасын құрып алады және дәл әрі жүйелі қозғалады.
Ылғалды тазалау үшін су беру деңгейі жеңіл шаюдан бастап терең тазалауға дейін бірнеше режимде реттеледі. Құрғақ тазалаудан кейін робот базаға өзі оралып, шаң контейнерін тазартады. Бұл құрылғының ішінде шаң жиналып қалмауына мүмкіндік береді.
Шаңсорғышты пультпен де, қолданба арқылы да басқаруға болады. Жекелей алғанда, тазалау кестесін құруға, қуат деңгейін бақылауға, қашықтан үйді тазалауды бастауға бұйрық беруге болады. Бұл формат белсенді өмір сүретін адамдар мен бала-шағасы бар отбасылар үшін өте қолайлы.
Pragma Pulek – жайлылықты бағалайтын, бірақ текстильді күтіп-баптауға уақыт жоғалтқысы келмейтіндерге арналған шешім.
Бұл көрпеге сейсеп керек емес және 40 градус температурада жуу жеткілікті. Уақыты тапшы отбасылар үшін күнделікті тұрмысты айтарлықтай жеңілдетеді.
100% мақтадан жасалған қаптамасы теріге жағымды. Ішіндегі толтырғышы біркелкі жайылған және жуудан кейін түйіншектеліп қалмайды. 1,8 кг салмағы денеге күш түсірмейді, жылу сақтайды. Жыл бойы қолдануға ыңғайлы. Түсі заманауи интерьерге жақсы үйлеседі.
Commo One – тұрақтылық пен автономияны бағалайтын жандарға арналған дүние.
Бір рет қуаттап алып, 95 сағатқа дейін қолдануға болады, яғни екі күннің бірінде қуаттап отыруды талап етпейді. Жұмыс, қоңыраулар, музыка, жол – бәріне жарайды.
40 мм драйверлері анық, таза жоғарғы жиіліктері бар көлемді дыбыс береді.
Жұмсақ амбушюрлары және реттелетін бөлігі ұзақ қолданғанда шаршатпайды.
AUX-кабель бар, яғни қажет жағдайда сымды режимге оңай ауыса аласыз.
Junion балалар ас үйі – қысқа уақытқа қана қызықтыратын емес, жылдар бойы қолданылатын ойынның үлгісі.
Ағаштан жасалған конструкция шағын, бірақ нағыз ас үйдің нұсқасы. Жарық және дыбыс эффектілері ойынды шынайы ете түседі.
Биіктігі реттеледі, яғни ойыншық баламен бірге «өсіп отыра алады». Қосымша ыдыс-аяқ пен аксессуарлар жинағы бөлек сатып алуды қажет етпейді. Мұндай ас үй қиялды ұштайды және ұсақ моториканы дамытады.
Аккумуляторлы Nocord NCD-20 бұрғы-бұрағышы – үйдегі жөндеу жұмыстарына, жиһаз жинау немесе саяжайдағы шаруаға арналған әмбебап құрал.
20 В батареямен жұмыс істейді және екі аккумулятормен бірге келеді (2,0 А·сағ). Бұл ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кейс ішінде сан түрлі 20-дан астам керек-жарақ бар.
Екі жылдамдығы және айналуды реттеу – материалды бүлдірмей нақты жұмыс істеуге көмектеседі. Жұмыс аймағын жарықтандыратын шамы қараңғы жерде ыңғайлы болмақ, ал сырғанамайтын резеңке тұтқасы құралды мығым ұстауға жәрдемдеседі.
Бұл заттардың барлығын біріктіретін сипат біреу: олар күнделікті жұмыстың бір бөлігін өзіне алады.
Тазалық болсын, демалыс болсын, балалар ойыны немесе үйдегі ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары болсын – мұндай көмекшілер тұрмысты тыныш, жүйелі құруға көмектеседі және уақыт үнемдейді.