UWW Ризабек Айтмұқанды әлем чемпионатының басты фавориті ретінде атады

UWW Ризабек Айтмұқанды әлем чемпионатының басты фавориті ретінде атады

Біріккен күрес әлемі (UWW) Қазақстан ұлттық құрамасының екі балуанын басты фаворит ретінде атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы UWW-дің әлеуметтік желідегі парақшасында еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан мен Азамат Дәулетбековтің суретін жариялап, қыркүйек айының ортасында Хорватия астанасы Загребте күресетін белгілі балуандар ретінде атады.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан аталған әлем біріншілігінде 97 келіде күрессе, Азамат Дәулетбеков 86 келіде сынға түспек. Ризабек 2023 жылы Сербияда өткен біріншілікте 92 келіде жеңімпаз атанып, ел тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы ретінде танылған еді. Ал Азамат 2022 және 2023 жылдары екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Бұдан бөлек, 2024 жылы Олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов 70 келіде топ жарды.