27.03.2023
17:53
1148
Үстел теннисінен Қазақстан спартакиадасы аяқталды

Үстел теннисінен Қазақстан спартакиадасы аяқталды

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Спартакиадасы аяқталды. Olympic.kz турнир нәтижелерін назарларыңызға ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финал, ерлер жұбы.

Владислав Захаров / Алан Курмангалиев (Қарағанды облысы) - Александр/Кирилл Герасименко (Астана) 3:1.

Финал, әйелдер жұбы.

Сарвиноз Миркадирова / Анель Бахыт (Шымкент)-Гүльчехра Хусейнова/Алсу Сапарова (Батыс Қазақстан облысы) 3:0.

Финал, аралас жұп.

Кирилл Герасименко / Анастасия Лаврова (Астана) - Владислав Захаров/Зауреш Акашева (Қарағанды облысы) 3:0.

Жеке сынақ.

Кирилл Герасименко-Алан Курмангалиев 4: 1

Зауреш Акашева-Сарвиноз Миркадирова 4: 1

Жалпы есепте бірінші қарағандылықтар, екінші орында астаналықтар, үшінші орында шымкенттіктер тұр.