Үстел теннисі: Қазақстан Грузияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Үстел теннисі: Қазақстан Грузияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Грузияның Батумиде қаласында өтетін халықаралық WTT Youth Contender Batumi турниріне қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰОК ақпаратынша, жүлделер 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда сарапқа салынады. 

Бұл жарыста Әзірбайжан, Англия, Болгария, Голландия, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары бақ сынайды.

Халықаралық турнир 18-21 қыркүйек аралығында өтеді.