Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы Əлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СДД-на сілтеме жасап.
Қазақстандық 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) сенімді ұтты. Есеп: 3:0.
Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.
Аланның жеңісін тарихи нәтиже деп бағалауға болады. Ол – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам. Жастар арасындағы Əлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.