04.10.2025
04:13
538
Үсік, жел, өрт қаупі: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік, жел, өрт қаупі: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, 4 қазан күні еліміздің бірқатар облысында жел күшейіп, тұман түсіп, үсік жүреді. Сонымен қатар оңтүстік, батыс және орталық аймақтарда жоғары әрі төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да осындай жел күтіледі.

Маңғыстау облысында шығыстан соққан жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстанда түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Бірқатар аудандарда төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда облысында түнде солтүстікте 1 градус үсік байқалады, шығыста жел күшейеді.

Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, жел екпіні – 20 м/с.

Атырау облысында күндіз кей өңірлерде жел күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ болады.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында түнде 1-3 градус үсік жүреді. Талдықорғанда да ауа температурасы төмендейді.

Ақмола облысында таңертең және күндіз жел екпіні 20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе және Ұлытау облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде қалады.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.