21.10.2025
04:18
473
Үсік, тұман, өрт қаупі: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік, тұман, өрт қаупі: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 қазан күні Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің бірнеше бөлігінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейіп, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз жел күшейіп, батысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Абай өңірінің оңтүстігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында да қатты жел мен жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, ал кей өңірлерінде желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында түнде және таңертең тұман түсіп, сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде үсік жүруі мүмкін.