Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету елімізде қандай деңгейде?

21 Қазан 2023, 10:25 579

Көлік министрі Марат Қарабаев ИКАО-ның аймақтық директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ИКАО ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Сөз кезегінде Николя Ралло Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының қолдауымен өткізілетін іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. 

Сондай-ақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтіп, ИКАО авиациялық қауіпсіздік пен әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан жүргізіп жатқан барлық реформа мен бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар министр мен өңірлік директор авиация саласында кадрларды оқытудың, оқыс оқиғаларды тергеу жүйесін нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло ҚР Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетінің шақыруымен Қазақстанға ресми сапарымен келген болатын.

Асқар Таудай
Бөлісу: