Алматы облысындаға таулы жерлерде мемлекеттік жер қоры аумағында құрғақ шөп жанды. Оқиға Қарасай ауданы Жандосов ауылының маңында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өрт 60-80 градусқа дейінгі беткейлері бар таулы рельефте болғандықтан және екпіні 15-20 м/с дейін жететін қатты жел салдарынан қызыл жалынды сөндіру күрделене түскен.
Алматы облысы, Алматы қаласы және жергілікті атқарушы органдар ТЖД құтқарушыларының үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.