Ұшақтар ұшып, жол жабылады: Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жасады

25 Қараша, 11:23 606

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Астананың кейбір көшелерінде қозғалысқа шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 27-28 қарашада елорданың кейбір учаскелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген мәліметте.

Себеп – шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын дайындау және өткізу.

Негізінен шектеулер:

«Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандар к-рі.);

«Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғ.);

«Алматы» (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарына қатысты болады.

Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар 27 қарашада Астана қаласының аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп қосты ведомство.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: