Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

26 Желтоқсан, 21:03 494

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов 26 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына көмек көрсетуге қатысты қандай шешім қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмади Сарбасов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісімен асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Жергілікті құрылым желісі бойынша демеушілермен, жұмыс берушілермен бірігіп әрекет етеміз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта оның мөлшері анықталып жатыр. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісімен әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша – 257 мың теңге, - деді ол.

Зарина Арман
Бөлісу: