Ұшақ апатынан қаза тапқан 4 адамның мәйіті тіркелді

Кеше, 14:00 771

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы ұшақ апатынан қаза тапқан 4 адам туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар жеті адамның ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды. Соңғы ақпарат бойынша тірі қалғандар саны 28-ге жетті, ионың екеуі - бала. 

Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Дереккөз мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары болған. Жолаушылардың басым бөлігі Әзербайжан азаматтары екені айтылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: