Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтауда болған жолаушылар ұшағының апатынан кейін Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдері арнайы келді. Аталған тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады.
Сондай-ақ, алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп күтіліп отыр.