Ұшақ апатынан 25 адам аман қалған – ТЖМ

Кеше, 13:11 347

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды, деп хабарлайды.

Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. ТЖМ мәліметінше, алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Барлығы ТЖД, МӨПС, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтылануда, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Бакуден Ресейдің Грозный қаласына қарай ұшып бара жатқан ұшақ Ақтау қаласына жақын маңда құлады.

Көлік министрлігі әуе кемесі Әзербайжанның Az Airlines компаниясына тиесілі екенін айтты. Ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: