Ұшақ апаты: 29 адамның өмірін сақтап қалған ұшқыштар туралы не белгілі

Кеше, 13:19 681

Ақтау маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағын Игорь Кшнякин мен Александр Калянинов басқарған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ капитаны Игорь Кшнякин тәжірибелі маман болған. Ол 15 мың сағатын әуде өткізіп, соның шамамен 11,2 мың сағатын капитан қызметінде ұшақ басқарған. Кшнякиннің Ресей азаматы екенін марқұмның әйелі растады.

Media.az басылымының жазуынша, екінші ұшқыш Александр Калянинов – Баку еуропалық лицейін тәмәмдаған, білім мекемесінің ең үздік түлектерінің бірі болған. Ол бала кезден ұшқыш болуды армандаған.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан экипаждың үш емес, екі мүшесі аман қалғанын хабарлады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: