Үш өңірде инфляция өршіп тұр - министр

7 Ақпан 2023, 11:01 1118

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Осы жылдың қаңтар айының қорытындысында инфляция 1,1 пайызды, оның ішінде азық-түлікке - 1,4, азық-түлік емес тауарларға - 0,9, ақылы қызметтерге 0,7 пайызды құрады. Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында - 2,2, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8, Ақтөбе облысында – 1,7, Ұлытау облысында 1,5 пайыз болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан 1,7 пайызды құрап отыр. Апталық динамика +0,3, +0,4 пайыз болып қалыптасуда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4, Ұлытау облысында – 2,8 және Астана қаласында 2,5 пайыз деңгейінде байқалды.

EL.KZ
Бөлісу: