Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы ашылды

Үш облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы ашылды

ҚазАвтоЖол 21 сәуірде келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы:

«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы — Державинск қаласы учаскесі).

Қостанай облысы:

«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы учаскесі).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 17-72 шақырымында (Якорь ауылы — Қызылжар бақылау-өткізу пункті учаскесі).