Үш мыңға жуық мектепте интернет жоқ – Алтай Көлгінов

19 Сәуір 2023, 11:11 660

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Алтай Көлгінов өңір мектептеріндегі интернет жылдамдығын сынап, маман тапшылығы жоғары екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде 3000-ға жуық мектепте интернет жылдамдығы секундына 4 мегабитті құрайды. Ол дегеніміз жоқтың қасы. Ал стандарт бойынша секундына 20 мегабит болуы қажет. 4000-ға жуық педагог маманға деген тапшылық бар, - деді ол.

Көлгінов еліміздегі жатақханаларда 70 мың студентке орын жетіспейтінін және оның басым бөлігі Алматы және Астана сияқты ірі қалаларда екенін атап өтті.

Осы мәлелерді шешу үшін тиісті тұжырымдамалар қабылданып, ұлттық жоба жүзеге асырылуда. 2026 жылға дейін екі ауысымды 1,5 млн орынға арналған мектептерді салу қарастырылған. Оның жартысынан көбі «Жайлы мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылады. Бұл мәселе толық шешіледі. Сондықтан әкімдерге мектептерді тек бюджет қаражатынан емес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен және басқа да көздерді салу керек деп есептеймін, - дейді вице премьер.

Көлгіновтің айтуынша, 7000 робототехника, химия, биология, физика кабинеті ашылады және 3000 мектеп модернизациядан өтеді. Жыл сайын 1000 мектепте жұмыс өткізіледі.

Миражан Махан
Бөлісу: