Еліміз үш айда 18,7 миллиард доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда тауар айналымы 13,4 пайызға өсіп, 32,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 18,7 миллиард доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1 пайызға ұлғайып, 5,9 миллиард долларға жетті. Тауарлар импорты 14 миллиард долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең, - деді Әлібек Қуантыров.
Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 5,1 пайыз өсті. Көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті, – деді министр.