03.09.2025
10:39
568
US Open: теннисші Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады

US Open: теннисші Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, 18 жастағы Польша өкілі Алан Важнымен кездесті.

Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр. 

Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды. 

Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін ересектер арасында бес қазақстандық US Open-дегі жарыс жолын аяқтады: Александр Бублик, Елена Рыбакина, Александр Шевченко, Юлия Путинцева және Анна Данилина.