02.09.2024
21:49
790
US Open: Анна Данилина аралас сында камбэкпен ширек финалға шықты

US Open: Анна Данилина аралас сында камбэкпен ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – бельгиялық Йоран Флигеннің мысын басты.

Бірінші партияда испаниялық-бельгиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Есесіне екіншісінде Данилина – Хелиоваара есе қайырды – 6:3.

Супер тай-брейкте қазақстандық-финляндиялық дуэт матчты жеңіспен түйіндеді – 10:8. 

Анна Данилина – Харри Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгпен таласады.

Өткен жылы Данилина – Хелиоваара осы жарыста жеңімпаз атанған болатын.