«Ұрып, теуіп, қалқындырған». Астанада балаларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

5 Ақпан, 09:33 2864

Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада подъездердің бірінде ер адамның алдымен бір баланы бетінен ұрып, екіншісін теуіп, тағы біреуін қылқындырып жатқаны көрсетілген.

Байқоңыр аудандық полицейлер осы үйдің 30 жастағы тұрғынын қамауға алды.

Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: