Уругвайда Қазақстанның консулдығы ашылады

6 Мамыр, 14:22 521

Мамырда Уругвайда Қазақстанның консулдығы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Оның хабарлауынша, биыл 6-10 мамыр аралығында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Уругвай мен Бразилияға барады.

Осы сапар аясында СІМ-аралық саяси консультациялардың бірінші раундын өткізу, Монтевидеода Қазақстанның құрметті консулдығын ашу және Астана мен Монтевидео арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту үшін Уругвай парламентінің сенаты мен өкілдер палатасының депутаттарымен кездесу жоспарланып отыр.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, Бразилияда СІМ-аралық саяси консультациялардың алтыншы раунды, сенаторлармен кездесу, Бразилия мемлекеттік ауылшаруашылық зерттеулер корпорациясының (Embrapa), Бразилияның халықаралық даму агенттігінің (ABC), сондай-ақ Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) басшылығымен кездесу жоспарланып отыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: