Ұрланған тауарды анықтауға арналған сайт іске қосылды

9 Желтоқсан 2022, 18:17 1604

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті

Алматы қаласының прокуратурасы ұрланған тауарларды анықтауға арналған «Urlangan.kz» арнайы сайтын іске қосты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, сайт ішінде ұрланған компьютер, теледидар, плашнет, ұялы телефон, тіпті сағаттардың жүз мыңға жуық сериялық нөмірі бар.

Сайтты қолданушы құрылғы кодын теру арқылы өзіне сатып алуға ұсынылған заттың ұрланған заттар тізімінде бар-жоғын тексере алады. Сонымен қатар, дүкендер мен техниканы сатып алу пункттері де сайт арқылы тауарларды тексере алады. Сәйкестік анықталған жағдайда, полиция органдарына жүгіну қажет, - деп хабарлады прокуратурадан.

Ведомстводан хабарлағандай, Алматыда соңғы үш жыл ішінде мүлік ұрлаудың 10 мыңға жуық дерегі анықталған. Оның басты себебі – азаматтар тауардың шыққан жерін тексермей, мобильдік құрылғылар мен басқа да техникалық құралдарды сатып аларда алданудың құрбаны болған.

EL.KZ
Бөлісу: