«Қазмедиа» орталығында «Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шара ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс – шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК.
Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскен. Шорт-листке 48 номинант енді. Биыл байқау 12 номинацияда өтіп жатыр. Оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандарына жаңа номинация қосылды.
Олар: «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал».
Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға өз сөзін арнады.
Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа 3 номинация қосылып отыр. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз, - деді ол.
«Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова - Time.kz
Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
Амангүл Тілейқызы - El.kz
Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко - Golos-naroda.kz
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова - Kapital.kz
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz
Радиостанциядағы үздік жоба:
«Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы
Жылдың үздік фотосуреті:
Валерий Бугаев
Үздік өңірлік БАҚ:
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)
Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
«Қазақ елі» журналы (Түркия)
Үздік подкаст:
«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан
Үздік YouTobe каналы:
Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»
Номинанттарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.