ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

14 Маусым 2023, 05:25 522

2023 жылғы 19-20 маусымда Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өткізілетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу басқарады.

Іс-шара барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын одан әрі дамыту және халықаралық пен өңірлік күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылау жоспарлануда.

Перизат Саденова
Бөлісу: