ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері Минскіде кездесті

25 Мамыр 2023, 22:27 615

Министрлер кеңесіне Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы Беларусь Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өтті.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне төнетін қатерлер тұрғысынан дағдарыстық ден қою жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Отырыста сондай-ақ 2024 және 2030 жылға дейінгі кезеңге ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау іс-шараларының тізбесі айқындалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: